- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында, Zoom платформасы арқылы Сингапурдағы ESSEC Business School Asia Pacific профессоры, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы MBA бағдарламаларының атқарушы директоры, «The Financial Times» бойынша Аптаның үздік профессоры Чедомир Несторовичтың онлайн дәрісі өтті. Дәріс «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары, АҚШ-тағы сайлаулардың Азиядағы бизнеске әсері» атты тақырыбына арналды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас Ғалымдар Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» тақырыбында жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ұлылар үндестігі: Фараби мен Машани» атты ғылыми жиын өтті. Жиын аясында Әл-Фараби мен Ақжан Машанидың Түркі академиясы басып шығарған «Книга о словах, употребляемых в логике» және Ақжан Машанидің «Әлем шырайы», «Жібек жолындағы өркениеттер үндестігі» жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі болды.

Академиялық мобильдік аясында іргелі медицина кафедрасында онлайн дәрістер бастау алуда. Гази (Түркия) университеті медициналық биохимия департаментінің медициналық факультетінің профессоры Orhan Canbolat білім беру эcтафетасын ең алғаш болып бастады. Дәріс «жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне онлайн режимінде жүргізіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің докторанты Наукенова Алтынай академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар – 2020» бағдарламасы бойынша «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар» байқауының жеңімпазы атанды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО басшыларының халықаралық онлайн-кездесуі өтіп, онда «шексіз білім мәдениетін қолдау үшін университеттердің Еуразиялық желісі» құрылатындығы ресми түрде жарияланды.

ЭБЖМ мен «Бизнес технологиялар» кафедрасы Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып онлайн форматта «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында "Біздің тарихымыз" атты патриоттық акция өткізіледі.