- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
25.11.2020 ҚазҰУ «Web of Science Awards-2020» көшбасшы атанды
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards-2020» беделді сыйлығының үш номинациясында үздік атанып, рейтингтік ғылыми басылымдарда қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылық позициянын растады.
25.11.2020 Тұрақты дамудың жалпы мақсаттары
КазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Австрияның Қазақстандағы Елшісі Вилли Клеменспен кездесу барысында ғылым, білім және инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
23.11.2020 МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!
Алматыда еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» VIII Республикалық жастар форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы инновация және шығармашылық, жасампаздық призмасы арқылы патриотизмді дамытуға бағытталған байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.
20.11.2020 Жас спикерлер байқауы мәреге жетті
Бүкіләлемдік философия күніне орай Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» тақырыбы бойынша жас спикерлер байқауының жеңімпаздары анықталады. Үміткерлерді марапаттау салтанаты әл-Фараби орталығының @farabicenter2020 ресми аккаунтында тікелей эфирде жүргізілді.
20.11.2020 АҚШ-та «Әл-Фараби» қазақстандық орталығы ашылады
Ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Американың Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қоры (ӨЫАҚ) арасындағы өзара келісім бойынша Мэриленд қаласында (АҚШ) құрылады.
20.11.2020 Тарихи шежірелі кітап
Әл-Фараби кітапханасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Мағазбекқызының «Қасірет пен тағдыр» және «Үзілмеген үміт» жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
20.11.2020 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі болып тағайындалды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары - химия ғылымдарының докторы, профессор, физикалық химия және электрохимия кафедрасының меңгерушісі Оспанов Хабибулла Құсайынұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Джунушалиев Владимир Джумакадырович - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі болып тағайындалды.
19.11.2020 ҚазҰУ-да AVEVA инженерлік жобалау орталығының ашылуы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінде, Химиядағы есептеу әдістері оқу зертханасында «AVEVA Group plc» Британиялық компаниямен бірлесе отырып 2020 жылғы 18 қарашада «AVEVA химия-технологиялық үдерістерін инженерлік жобалау орталығының» ресми ашылу рәсімі өтті.
18.11.2020 Баспа өнеріндегі кеше және бүгін
Журналистика факультетінде белгілі баспа ісі және полиграфия саласының қайраткері, библиограф-ғалым, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті Қоңыр Мұқатаеваның 70 жылдығына арналған «Баспа, полиграфия және web-технологиялар жүйесін оқыту-зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
17.11.2020 ҚазҰУ оқытушысы фотобайқаудан жеңімпаз атанды
Республикалық «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Менің Қазақстаным» фотобайқауында «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» номинациясы бойынша ҚазҰУ-дың философия кафедрасының оқытушысы, докторант Досжан Балабекұлы жеңімпаз атанды.