- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

2020 жылдың 23 қарашасында сағ. 14.00-де Алматыда еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» VIII Республикалық жастар форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Биылғы жылы инновация мен шығармашылық призмасы арқылы патриотизмді дамытуға бағытталған байқау онлайн режимде өтті.

Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Multimedia Journalism School» қашықтан медиа білім беру жобасы аясында «Мультимедиялық сторителлинг» вебинары өтті. Шараның басты мақсаты білім алушылардың заманауи медиа кеңістікпен танысып, сол әлемде орнығуына, сондай-ақ мультимедиялық тұлғаға айналуына ықпал ету.

Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Орталық Азия жарнама Қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп «Интернет-жарнама. Жоспарлау және орналастыру. Видеожарнама» тақырыбында «Маркетинг», «Логистика» мамандықтарының студенттеріне арналған онлайн-форматта тренинг өткізді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың залы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылды. Шара елімізде 1-ші желтоқсанда атап өтілетін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, университет ғалымдары, қоғам және масс-медиа өкілдері қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен студенттер мен оқытушылардың онлайн-кездесуі өтті. Парасаттылық қағидаттарын талқылауға және жастарды теріс пиғылды практикаға төзбеушілік рухында тәрбиелеуге арналған кездесу Zoom, Jynalis room платформаларында және «AlFarabiTV» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің отырысында жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдастыққа көшу жағдайында университеттің 2025 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жаңа бағдарламасы кеңінен талқыланды. Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – ҚазҰУ-ды зерттеу университетіне айналдыру және жаһандық рейтингте әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнына кіру.

Қазақстанда алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қарасты Huawei инфокоммуникациялық технологиялар академиясы Huawei ICT Solutions Kazakhstan компаниясымен жас таланттар мен болашақ IT-индустриясының жетекшілерін қолдауға бағытталған байқау өткізуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, БҰҰ-ның 75 жылдығына, БҰҰ Өркениеттер альянсының 15 жылдығына және БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының 10 жылдығына арналған ғаламдық конференция өткізді. Конференция Бас хатшы Антонио Гутерриштің БҰҰ-ның 75 жылдығына орай әлемдік қоғамдастыққа арнаған бейнеүндеуімен ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет Al-Farabi Business School дипломдары табыс етілді. MBA бағдарламасын бітіргентүлектерге іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі берілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов университет қабырғасында «Қазселденқорғау» МБ төрағасы К. Көкрекбаевпен кездесуі өтті. Екі жақты келіссөздер барысында төтенше жағдайлар кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен табиғи-техногендік тәуекелдер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.