- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде өткен түркі-моңғол әлемінің этносаяси процестері бойынша сараптамалық сессияға қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және спорт мамандықтары Орталығы, Сіздерді 13-15 қарашада аралығында өтетін "Спортшыларды медико-биологиялық сүйемелдеу мен оңалтудың өзекті мәселелері" атты II халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға шақырады.

Джордж Вашингтон атындағы Америка университеті жанындағы Абайдың виртуалды орталығының алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің қатысуымен Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған онлайн-дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында философ мұрасының маңызы мен оның әдебиеттегі бейнесі талқыланды.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізетін Үйлестіруші болып айқындалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспа ісі және электронды БАҚ кафедрасы, Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында (MIL), Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы өкілдерінің қатысуымен «Дезинфемияға қарсы іс-қимыл: БАҚ және барлығына арналған ақпараттық сауаттылық» шарасын өткізді.

Дүниежүзілік қалалар күніне орай COMSATS климат және тұрақты даму орталығы (CCCS) Танзанияның өнеркәсіптік зерттеулер мен әзірлемелер ұйымымен (TIRDO) бірлесіп «Жаһандық Оңтүстікте жылдам даму және урбанизация мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді, оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары қатысты.

ҚазҰУ-да дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Бірінші курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы ерекше өтті. Шара онлайн форматында ұйымдастырылып – жастар бойындағы жастық жалын-жігерді танытып, өнер дарындары мен жұлдыздарды ашып жарқыратты!

ҚазҰУ технопаркі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен білім беру жобасы сәтті аяқталды. UniSat білім беру бағдарламасының қатысушылары өздері әзірлеген наноспутникті атмосфераның жоғарғы қабатына қосып, таяу ғарышты жаулап алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы Sliwkombanalno Kazakhstan Esports Student League CS:GO Season 1 жүлдегерлерінің қатарына кіріп, тамаша нәтиже көрсетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы Қазақстан Республикасының он үш жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан құқықтану мамандығы бойынша Республикалық онлайн-олимпиаданы жеңіп алды.