- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы, коронавируспен күресу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі дүниежүзілік ислам ұйымының (ISESCO) грантына ие болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ресми сайтында – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары мен жарияланымдары бөлімі ұсынылды. Онда оның қызметі кезеңіндегі ең маңызды және кең оқырман қауымының қызығушылығын танытатын еңбектері енді.

Еліміздің Астана күні қарсаңында және бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1250 орынды жайлылығы жоғары жаңа Студенттер үйінің құрылысы бастау алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің отырысында білім алушыларды бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының бос лауазымына байқау өткізу тәртібі талқыланды.

Үстіміздегі жылдығ 30 маусымында әл-Фараби орталығы мен география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасы Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Машани көзімен жер қойнауының үйлесімі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, онлайн режимінде өткізді.

1 шілде күні сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» кітабының онлайн-тұсаукесері өтеді.

Әлемге белгілі «Times Higher Education» агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік менеджменті бар Азиядағы жоғары оқу орындарының топ-10 көшбасшысы қатарына кірді.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған онлайн-конференция барысында талқыланды.

«Yerli düşünce» («Ерли Душунже) танымал түрік журналы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановпен жасаған сұхбатын жариялады. Материалда әлемдік рейтингте табысты алға жылжып келе жатқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы мен жетістіктері туралы толық ақпарат берілген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз түлектерімен танымал. Жоғары оқу орнының қабырғасында отандық әдебиеттің даңқын шығарған көптеген белгілі қазақстандық жазушылар білім алды.