- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
22.05.2020
Қазақстан World of Journalism Study-де
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Worlds of Journalism Study Association (WJSA) жаһандық зерттеулерінің қатысушысы болды. Бұл академиялық жоба әлемдегі журналистика жағдайын зерттеуге бағытталған.
20.05.2020
Атаулы тұлға
Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, танымал мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
18.05.2020
«Өнегелі өмір» кезекті томының онлайн-тұсаукесер рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі ғалым-заңгер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы Төралқасының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Иванович Роговтың өмір жолы мен қызметіне арналған «Өнегелі өмір» сериясының кезекті томының онлайн-тұсаукесер рәсімі өтті.
18.05.2020
ҚазҰУ -да онлайн форматында алғашқы диссертация қорғалады
«Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Анар Танабаева «Ортағасырлық ислам мәдениетіндегі «кемел адам» концептісі» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
16.05.2020
Онлайн форматтағы «БҰҰ моделі»
Алғаш рет «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы» халықаралық конференциясы онлайн форматта өтті. БҰҰ-ның құрылуының және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығына арналған іс-шараны БҰҰ Ақпараттық бюросы мен Алматыдағы ҚР СІМ өкілдігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды.
12.05.2020
Әлемдік індетті бірге жеңейік
Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүкіл ел үшін қиын-қыстау кезеңде қауіпті індеттің таралуына қарсы күреске қосылды.
08.05.2020
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!
Сіздерді мерекелеріңізбен - Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің тағдырларыңызға түскен барлық ауыртпашылық мен тауқыметті елестетудің өзі қиын. Батылдық, батырлық пен жеңіске деген ұлы сенім, қайсарлық пен төзімділік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдық Сіздерге жаудың бетін қайтарып жеңуге және адамзатқа бейбітшілік сыйлауға мүмкіндік берді.
08.05.2020
Психологтар жүлделі орынға ие болды
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы мен студенті халықаралық жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алды.
08.05.2020
Әл-Фараби мұрасы
2020 жылдың 14 мамырында Әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді.
07.05.2020
Әскери журналистерді онлайн оқыту!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы және «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің редакциясы бірлесіп болашақ әскери журналистерге арналған онлайн сабақтар өткізуде.