- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын әлеуметтік ортаны құру, жастардың жағымсыз құбылыстарға тұрақты иммунитетін қалыптастыру – жоғары оқу орындарының тәрбие және білім беру қызметінде бірінші дәрежелі мәнге ие. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2011 жылдан бастап ректор Ғ.Мұтановтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер мен технологиялардың тұтас кешенін қамтитын «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасы жүзеге асырылуда. Карантин кезеңінде және университеттің қашықтан оқыту түріне көшуіне байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ерекше маңызды және өзекті болып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Мәдени Өкілдігі және Табатабаи университетімен бірлесіп, парсы тілі мен әдебиетін үйреніп-зерттеу мақсатында халықаралық онлайн-курсын ұйымдастырды.

Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысында талқыланды. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, ҚР ЖОО және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Кездесуге ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А.Хикметов модераторлық етті.

БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын төртінші мерзім қатарынан басқаратын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2020 жылы 7-8 мамыр аралығында алғаш рет онлайн форматта «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» атты Орталықазиялықхалықаралық конференция өтеді. Шара БҰҰ Ақпараттық бюросы және Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің қолдауымен өткізіледі.

Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізге елеулі өзгерістер енгізді. Биылғы жылы «Мен жастарға сенемін» республикалық байқауы онлайн-форматта басталды. Еліміздегі және әлемдегі күрделі жағдайға қарамастан, біз студенттердің үлкен белсенділігін аңғарудамыз. Байқауға қатысуға еліміздің барлық өңірлерінің жастары ниет білдірді.

Алматы қаласы әкімдігінің төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 28 наурыз 2020жылғы №6 хаттамасына сәйкес Алматы қаласы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласында төтенше жағдай кезеңінде 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап қосымша шаралар енгізіледі:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы ҚР Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, генерал-майор Владимир Петрович Бондаренкомен онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға кафедра студенттері, оқу взвод командирлері және оқытушылар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің онлайн - Ғылыми кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі талқыланды.

ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында «Қаламгер келбеті» атты жазушылармен онлайн-кездесу өткізеді. Шара белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Адам Мекебаевтың 80-жылдық мерейтойына арналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына төртінші мерзім қатарынан басшылық етеді. Бұл – тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып отырған жетекші қазақстандық университеттің табысты қызметінің халықаралық жоғары деңгейде мойындалуының дәлелі.