- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша карантин кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасындастуденттермен қашықтықтан сабақ сәтті өткізілуде. Қашықтықтан оқыту студенттер мен оқытушылардың ынтасы мен дербестігін белсендіруде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ғалымдары ғаламдық зерттеулер жүргізу тобына қосылды.

Әлеуметтік желілердегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ешқандай қатысы жоқ «KazNU» деген қысқартылған атаумен тіркелген аккаунтта алдағы қашықтан өткізу форматы бойынша жоспарланған емтихан сессиясын болдырмауды талап еткен үндеу пайда болды. Осы мәселеге орай университет ҚазҰУ-дың атауын заңсыз пайдаланған тұлғаларға шара қолдану жөнінде құқық қорғау органдарына өтініш жасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер бойында бағалы рухани және құндылықтық бағдарларды қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «100 кітап» жобасын табысты жүзеге асыруда. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін университет танымал жазушы, ақындармен шығармашылық кездесу өткізу бойынша жақсы дәстүр қалыптастырды.

«Стоп-коронавирус» онлайн-байқауының нәтижесі бойынша ҚазҰУ-дың әзірлемелері Үкіметке жіберіледі.

Коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезеңінде қашықтықтан және онлайн білім беру айрықша өзекті. Әл-Фараби ҚазҰУ құрастырған moocs.kz бірегей сандық білім беру ресурсы қазіргі уақытта зор танымалдылыққа ие.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын және «Үздік Жас Ғалым» байқауын өткізді

ҚазҰУ-да студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында бизнес-инкубаторларының үздік инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті.

Карантин жағдайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология кафедрасының оқытушылары қашықтықтан білім беру технологиялары мен стримингтік оқытуды белсенді қолдануда. Олар өз тәжірибесімен Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен бөлісуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында тыңдаушыларды қашықтықтан оқыту процесі сәтті өтуде. Қашықтықтан оқыту дәрістерін өткізудің мерзімділігін, сапа мониторингі мен бақылауды әскери кафедра басшысы, запастағы полковник О.В. Ажимовтың жетекшілігімен арнайы құрылған жедел топ жүзеге асыруда.