- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультеті Канаданың (МакГилл университеті) және Германияның (Марбургтегі Филипп университеті) жетекші пульмонологтары, вирусологтары және эпидемиологтарымен бірлесіп, коронавирустың таралуын алдын-алу, оның диагностикасы мен емдеу тәжірибесі бойынша жетекші шетелдік сарапшылармен бірқатар видео сессиялар мен бейне сұхбаттар дайындады.


ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұжымы мен "Қазақ радиолары" бірлесе отырып коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін қазақ тілінде аудиоклип дайындады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» конференциясы алғаш рет онлайн режимде өтті.

12 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жариялаған сәтінен бастап үш жыл толады. Осы уақыт ішінде бағдарлама жаңа идеологиялық тұғырнаманың негізіне айналып, қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын модернизациялаудың қуатты механизмі іске қосылды.

Бүкіл ел үшін қиын кезеңде ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің дәрігер сертификаты бар 50-ден астам магистранты мен докторанты коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы қатарында. Олар аса қауіпті дерт жұқтырған және науқастармен байланыста болған адамдарды қабылдайтын ауруханаларда жұмыс істеп, өлімге әкелетін вирусты жеңу үшін қомақты үлестерін қосуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары медициналық практикада және коронавирустың алдын алуда қолданыла алатын антисептикті дайындап шығарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы коронавирустық пандемиямен күресте шетте қалмай, өз қолдарымен тігілген маскалармен әріптестерін қамтамасыз ету арқылы қол ұшын созды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 10 студенті оқу мен ғылыми жобалардағы айтулы жетістіктері үшін Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) «Top student mobility» стипендиясына ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастырумен «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиадасы өтті. Оның нәтижелерін БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар бөлімінің бастығы Властимил Самек басқарған конкурстық комиссиясы қашықтықтан қорытындылады.