- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің барлық педагогикалық мамандықтары бойынша «Инклюзивті білім беру» пәні енгізілді. Пәннің мақсаты – инклюзивті білім берудің заманауи стратегиялары мен әдістерін қолдану.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ресей) арасында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы-басқа жоғары оқу орындарына ұқсас жүйелерді енгізу моделі» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің, саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының 1-2 курс магистранттары әл-Фараби «Science Ring» зияткерлік ойынында тамаша эрудиция мен үлкен ғылыми әлеуетті көрсетті.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы оқушыларға арналған үшкүндік журналистика курсын өткізді. Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернат оқушыларына журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған курс бірнеше саланы қамтыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетіндегі У.А. Жолдасбеков атындағы мәжіліс залында академик Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлын еске алу күні өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша көрсеткіштерін жақсартып позицияларын күшейтті.

ҚазҰУ-да 2 күнге созылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге Республиканың әр аймағынан келген 30-дан аса жұмыс беруші кәсіпорындар мен ұйымдар, ірі компаниялар қатысты. Аталмыш шараның мақсаты – ҚазҰУ-дың бітіруші түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға себепші болу.

ҚазҰУ-да халықаралық балалар теледидары мен радио хабарларын тарату күніне арналған «Халықаралық журналистика апталығы» өтуде.

Шығыстану факультетінде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ның басқарушы директоры Н. Жаксыкелдинов «Университетті бітіргенге дейін мен қандай болуым керек» деген тақырыпта студенттерге дәріс оқыды.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасын іске қосты.