- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Журналистика факультетінің № 15 студенттер үйінің үлкен залында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы күні өтті.

ҚазҰУ әскери кафедрасының оқу озаттары Жайылқанова Аружан мен Тоекин Елшат ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының ұлттық кадет корпусы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Үндістан Республикасы күніне арналған шараға қатысып қайтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әл-Фарабидің 1150-жылдығы және Абайдың 175-жылдығына арналған «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Цифрландыру жағдайында Орталық Азия өңірінде инженерлік-техникалық білім беруді жаңғырту» атты халықаралық конференция өтті.
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бастау алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Джавахарлал Неру атындағы университеттің қолауымен Нью-Дели қаласында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

ҚазҰУ-да журналистика факультетінде өткен 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты ғылыми методикалық конференциясында «Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары» секциясы өтті.

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған студенттер үйінде мерекелік кеш өтті.

География және табиғатты пайдалану факультетінде «Заманауи Қазақстанның нарық экономика жағдайындағы картографиялық-геодезиялық бағыттағы түлектердің моделі» атты дөңелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы Цукуба университеті (Жапония) жобасының аясында Атырау қаласының мектептерінде кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған бірегей 15-томдық кітаптар топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті.