- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи жағдайда ЖОО бітірушінің құзыреттілік моделі» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚазҰУ-да «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтуде.

Қазақстан-француз ғылым және технология институтын ашу мүмкіндігі Франциядан келген Жилем Тибо мырза бастаған делегациямен кездесуде талқыланды.

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында «Біздің тарихымыз» атты әскери-тарихи викторина өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» қызметкерлерінің кәсіподағы жыл сайынғы есеп беру конференциясын өткізді.

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде корей тілін тереңдетіп оқыту бойынша онлайн курстарының гранттық жобасы іске асырылуда. Гранттық жоба Корея қоры (The Korea Foundation) мен Сукмёнг қыздар университетінің (Sookmyung Women’s University) қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті. Бұл іс-шара Үндістан Республикасының 70 жылдығына және үнді халқының рухани көшбасшысы Махатма Гандиге арналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми мәжілісінде, ҚР 2019 жылғы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанған авторлық ұжым атынан ҚР ҰҒА академигі, география ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Ахметқал Рахметоллаұлы Медеу география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне 1 млн. теңге көлемінде демеушілік шәкіртақылар табыстады.

Қазақстандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерекесін атап өту салтанатының бастау алуы барысында айтылды.