- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті, қоғамның жоғары сұраныстарына сай, жаңа формациядағы денсаулық сақтау мамандары мен медициналық кадрларды қажет ететін ғылыми бағытты белсенді түрде дамытуда.

ҚазҰУ-да Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты «Жібек жолындағы ақылды қалалар: тұрақты қалаларды дамытудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбында ғылыми жобаның тұсаукесері өтті.

Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлымен кездесу өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚазҰУ-ға Евразия телеканалының бас директоры Сергей Киселев келіп арнайы дәріс оқыды.

ҚазҰУ кітапханасының мәжіліс залында география және табиғатты пайдалану факультетіндегі рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері» атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың лауреаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясы бойынша шығарылған «Өнегелі өмір. Фаузия Оразбаева» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.

Қараша айының 29 жұлдызында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері Алматы қаласының мәслихат депутаты, Нұр-Отан депутаттық фракциясының орынбасары, білім саласының құрметті қызметкері Бадаева Роза Кенесханқызымен кездесті.

Механика кафедрасының студенті Абилханов Ислам бокстан факультетаралық біріншілікте 1-орынды жеңіп алды.

ҚазҰУ-дың әскери кафедра ұжымы әскери-патриоттық сананы өскелең ұпақ бойына сіңіру мақсатында «Арыстан» лицейіне барып дәріс оқып қайтты.

ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде Қазақстан-Қытай бірлескен дәрілік заттар зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Университет пен институт арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бірлескен болашақ жобаға жол ашты.