- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» халықаралық беделді сыйақыны иеленді. Тәуелсіз марапатқа ол «Web of Science Core Collection» ғылыми жұмыстар дәйексөздері мәліметтерінің әлемдегі жетекші базасына енетін ғылыми монографияның авторы ретінде ие болды.

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановты қабылдады, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы баспасөз-қызметі хабарлайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылымдағы көшбасшылық орынын анықтап, «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» беделді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Халықаралық беделді және танымал «Clarivate Analytics» Қазақстандық ғалымдар мен ұйымдарды марапаттау рәсімін Алматыда өткізді.

15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтеді. Ауқымды шараны ҚР БжҒМ, АжҚДМ, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен ҚазҰУ және Алматы қ. әкімдігі ұйымдастырып отыр.

ҚазҰУ-да Лю Вэй және Су Цзяннің университетте қазақ тілінде басылған «Қытай экономикасының тығырықтан шығар жолы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

30 қазаннан 11 қарашаға дейін ЖАОК орталығы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мамандарына арналған «Жаппай ашық онлайн-курстар: дайындау, алға жылжыту және қолдану» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Қазақстандағы үздік жоғары оқу орны ҚазҰУ-ға арнайы танысу мақсатымен келген Гансу басқару академиясының (ҚХР) делегациясын қабылдады. Кездесу барысында екі ел жоғары оқу орындарының өкілдері алдағы уақыттағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарды өрбіту жолдары жөнінде әңгімелесті.

Қарымды қаламгер, білгір журналист, еліміздің бұқраралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар басшылық жасаған оқу ордамыздың ұстазы Жұмабек Кенжалинның есімі болашақ журналистерге кеңінен танымал. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Жұмабек Кенжалин–Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты алқасөз осы тақырыпқа арналды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев ҚазҰУ-да болып, парасаттылық мектебін ашты. Сапар барысында ол «Университет 4.0» жаңа буын ЖОО моделін іске асыру, еліміздің жетекші университетінің цифрландыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тәжірибесімен танысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Алматыда өткен «Адалдық алаңы» бірінші форумына қатысушылар ҚазҰУ-да болып, еліміздің жетекші университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тәжірибесімен танысты.