- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өткен «Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі» байқауының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас Ғалымдар Кеңесі (ЖҒК) жеңімпаз атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуропалық Одақтың халықаралық ғылым және білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуда. Университет ректоры Ғалым Мұтанов пен ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» республикалық студенттік жасақтарының XV мерейтойлық еңбек маусымының жабылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Үздік оқу орны» аталымы бойынша жеңімпаз деп жарияланды.

«Механика кафедрасы күндері» шарасы аясында №6 Студенттер үйінде жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы ашық дәріс сабағы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұлттық рух ұясы» атты рухани апталықтың аясында Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында «Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні» атты алқасөз отырысы өтті.

ҚазҰУ журналистика факультетінде қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист, журналистер академиясының президентi, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың 75 жас торқалы тойына орай «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мерейтойлық жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚазҰУ-дың спорт кешенінде механика кафедрасының 85-жылдығына орай «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорттық сайысы өткізілді. Шараны механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Динара Туралина ұйымдастырды.

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Биыл да Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының ішіне лық толған студенттер өз факультеттерін қолдап келген.