- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің әлеуметтік дамуға арналған ғылым және технология департаменті медицина, биология және химия саласындағы ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының FLYUP Group стартап компаниясының командасы «SMART TABLE» жобасымен студенттер арасындағы бизнес идеялар байқауына қатысып екінші орынға ие болды.

Қазақстан Республикасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен университеттің бірлескен іс-қимылдарын талқылау мақсатында ҚазҰУ-ға келді.

ҚазҰУ және Пан Ги мун атындағы Тұрақты даму Институты Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі - Жаңа Жібек Жолы халықаралық конференциясының бірінші кіші отырысын (MUN NSW) ұйымдастырды.

Әлемдік рейтингтік жарияланымдарда профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жарияланым белсенділігін арттыру мақсатында ағылшын тіліндегі академиялық хат деңгейін арттырда ғылым және инновациялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Enago компаниясының өкілімен семинар өткізілді.

Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Наталья Ем Нью-Йорк Университеті Квинс колледжінің Американдық корейлерді зерттеу орталығының конференциясында баяндама жасады.

Мемлекет басшысы еліміздің жетекші жоғары оқу орнына сапары барысында сандық технологиялар енгізу, бизнес-құзыреттер дамыту кластері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетістіктерімен, студенттерге қызмет көрсететін Керемет» орталығы мен жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен танысты.

ҚазҰУ-да тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер экс-министрі, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының алғашқы Тұрақты Өкілі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша Елшісі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған көрнекті қазақстандық ғалымдар туралы «Өнегелі Өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға еліміздің көрнекті ғалымдары, ҚР СІМ өкілдері, Қазақстан дипломатиялық корпусының ардагерлері, Алматы қаласындағы консулдық қызметтердің басшылары және ҚазҰУ ұжымы қатысты.

2019 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай әскери кафедрада білім алып жатқан студенттермен және Алматы электромеханикалық колледжінің оқушыларымен «Ұлы Абай» атты музыкалық-әдеби кеш өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Халықаралық студенттер күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың жетінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.