- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының 2-курс магистранты Зарина Туртаева докторлық бағдарлама бойынша «Абай – Верн» бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да партком хатшысының орынбасары Ченг Джоу басшылығымен Шанхай көлік университетінен келген делегациямен кездесу өтті.

ҚазҰУ-да мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Қазақстанның киелі жерлері» бағыты бойынша журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына енуді көздейді. «Әлемнің жетекші университеттері адами капиталды қалыптастырып, инновациялық экономиканың өсуіне себеп бола отырып, өз елдері мен бүкіл өңірлердің дамуын анықтайды», – деді университет ректоры академик Ғалым Мұтанов Алматы халқы алдында есеп беру кездесуінде.

Оңтүстік Корея университеттері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасы студенттері арасында корей ұлттық ойындарының фестивалі өтті.

Алматыда алғаш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ислам қаржы Орталығында Islamic Finance Day оқу семинары өтті. Қазақстандағы Исламдық қаржы апталығы аясында өткен шараны ҚазҰУ университеті Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Асия Нурелова Халықаралық Жапон қоры 2019 жылғы грантының иегері атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінде Чех техникалық университеті MIAS Бизнес мектебінің өкілдерімен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-ға Венгрия ректорлары конференциясының құрметті президенті, доктор Габор Кестели-Сабо бастаған делегация келді.

ҚазҰУ-дың медицина факультетінің 4 курс студенті Ерғали Әлішер Нұр-Сұлтан қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатында үздік алты спортшының қатарынан көрінді. Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.