- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәжік тілі мен мәдениеті орталығының ресми ашылуы өткізілді. Оның тұсау кесерін ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің ирантану орталығы мен Алматы қаласындағы Тәжікстан Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің құқықтық бағдары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Симпозиум жұмысына ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚазҰУ-дың заң факультетінің жетекші ғалым-заңгерлері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Алматыдағы БҰҰ ғимаратында Халықаралық ақпаратқа жалпыға қолжетімдік күніне арналған «Ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» І Орталықазиялық журналистика семинары өтті.

ҚазҰУ базасында кеңістіктік деректер инфрақұрылымы жайында Евразиялық бастамасының «Е-үкіметтен G-үкіметке» атты 5-ші халықаралық конференциясы өтті.

Жаңа білім беру технологиялары институты «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбына арналған екі тілде тегін жаңа онлайн курстарын ашады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінде фотограф Сайлау Пернебаевтың 80-жылдығына орай «Қас қағым сәт...» атты фотокөрменің ашылуы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да медицина және денсаулық факультетінің жоғары медицина мектебі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-мен бірлесе отырып ҚазҰУ аумағында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында тұңғыш рет «Дүниежүзілік жүрек күнін» атап өтті.

«Қазақ университеті» баспасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевтың редакциясымен Шығыстың ұлы ойшылының 1150 жылдығына арналған «Фарабитану» оқу құралы жарыққа шықты.

ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының (BKMISD) өкілдері Енсе (IGEE, Ю. Корея) Университеті жанындағы ғаламдық өзара іс-қимыл және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту институтының әріптестерімен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен университеттердің жаһандық саммитінен Иран Ислам Республикасы университтеттері де шет қалмады. Саммит жұмысына Гилян университетінің (Иран) ректоры доктор Ахмад Рази, Аламе Табатабаи университетінің (Иран) ректоры доктор Хосейн Салими мырзалар қатысты.