- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және үнді Refex Group компаниясы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚазҰУ жастары Нұр-Сұлтан қаласында «Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов «UNION» Халықаралық университеттер ассоцияциясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстанда алғаш рет Алматыда өтіп жатқан «QS Worldwide» форумының салтанатты ашылуында айтылды.

Шығыстану факультеті «Тiлдер мерекесі» аясында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Ғылыми шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, журналистер мен шәкірттері қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияны ашқан ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов жиналған қауымға алғысын жеткізіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жіберген жеделхатын оқыды. Мемлекет басшысы өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі болған Кәкімжан Қазыбаевтың отбасына амандық, бақ-береке тіледі.

Әлемдік университтердің жаһандық саммиті аясында «Жібек жолы арқылы жоғары білім, мәдениет және технологияның дамуы» тақырыбындағы секциялық жұмыс бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады. Шараға профессор Юлия Ебзеева модераторлық жасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаһандық саммит аясында тұрақты даму, климат өзгерістерін басқару және осы саладағы озық тәжірибелер талқыланды.

2019 жылдың 16 қыркүйегінде QS халықаралық конференциясы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты (BKMISD) және Йенсей университеті жанындағы Жаһандық өзара байланыс және құқықтар мен мүмкіндіктерді дамыту институты (IGEE) арасында кездесу өтті.

Әл-Фараби кітапханасында Жібек жолы университеттері Альянсының Бас Ассамблеясының отырысы (SUN) және «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» сессиясы бір уақытта өтті. Оның жұмысына әлемнің 19 елінен 50 университетінің жүзден астам делегаты қатысты.

Алматыда еліміздегі жетекші ЖОО-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдік маңызы бар ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Олар отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.