- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу аясында маңызды мемлекетаралық құжаттарға, оның ішінде Қазақстан тарапына суперкомпьютерді ұсыну жобасы бойынша ынтымақтастық туралы ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылды.

ҚазҰУ-дың open.kaznu.kz - МООК ашық онлайн-курстарының білім беру платформасында «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн-курстары ашылды.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, 2019 жылдың 7 қазанда сағат 15.30-да Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың есеп беру кездесуі өтеді.

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу» атты мотивациялық тренинг өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері мен оқытушылары Өскеменде өткен "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" форумына қатысты.

Биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор, Қазақстанның Жоғары Мектеп ҰҒА академигі Төлеуханов Сұлтан «Биоырғақ және денсаулық» атты тақырыпқа лидерлік дәріс өткізді.

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған бастамасының аясында, Қазақстанның Пагуош комитеті, студент жастарға арналған "Экологиялық қауіпсіздік" (техногендік және табиғи шығу тегі)"тақырыбында семинар-дәрісін ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімі оқытушысы Ерлан Абдиұлы Ахапов халықаралық Жапон Қоры Жапон Тілі Институтының шақыруымен XXI ғасыр дағдылары атты үш апталық кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған арнайы тренингтен өту мүмкіндігін алды