- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
03.07.2019
Студенттерге парасаттылық пен ізеттілікті үйретеді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, «Студенттерді парасаттылық пен ізеттілікке баулу» жобасын іске қосады. Бұл туралы жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және жоғары оқу орындары ортасында әдептілікті насихаттаудың әдіснамалық негіздеріне арналған ғылыми семинар барысында айтылды. Оған «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдері, Алматы қаласындағы ЖОО оқытушылары, этика және құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.
27.06.2019
Меморандумға қол қойылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Citi қоры және YBI халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, Jastarbusiness MOST Бизнес-инкубаторы жобасы аясында жүзеге асырылатын Акселерация бағдарламасы негізінде Bootcamp өткізді.
26.06.2019
Білім саласының цифрландырылуы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Механика және математика» ҒЗИ мен ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін цифрландыру» атты ақпараттық-тәжірибелік семинар өтті. Шара «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен өткізілді.
26.06.2019
ҚазҰУ әскери кафедрасында студенттердің оқу жиыны өткізілуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес 27 мамыр мен 29 маусым аралығында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиыны өткізілуде.
25.06.2019
ҚазҰУ ұжымы Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік еңбек ақысын аударады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мыңдаған ұжымы Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отандастарымыздың қайғысына ортақтасып, алаңдаулы.
24.06.2019
Жан мен тәннің үйлесімі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да V Халықаралық йога күні кең көлемде аталып өтті.
21.06.2019
Американистика бойынша жазғы мектеп
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен Алматыда «Қазақстандағы және Орталық Азиядағы американистика контекстіндегі АҚШ-тың рөлі» атты жазғы мектеп өтуде. Шараға Американдық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы және американдықтардың Студенттік ассоциациясымен бірге ҚР АҚШ Елшілігі қолдау көрсетуде.
21.06.2019
ҚазҰУ ғалымдарының зерттеулері жетекші ғылыми журналда жарық көрді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы қызметкерлерінің мақаласы халықаралық танымал Trends in Environmental Analytical Chemistry ғылыми журналына жарияланды.
21.06.2019
ҚазҰУ йога күнін атап өтеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 23 маусымда Қазақстандағы V Халықаралық йога күні өтеді.
19.06.2019
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 210 университетінің қатарына енді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына еніп, 207 орынды бағындырды. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді.