- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚР тұңғыш Президенті Н. Назабаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген «Архив-2025» бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан Республикасының Президент Архивінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Архив ісі және құжаттану» оқу-өндірістік кафедрасының салтанатты ашылуы өтті.

VI Әл-Фарабидің «Әл-Фараби және қазіргі заман» форумының қорытындысы бойынша, 2019 жылдың 12 сәуірінде ғылыми іс-шаралар қорытындысы бойынша «ҚазҰУ 2019-ның үздік жас ғалымы» байқауы өткізілді.

ҚазҰУ-да жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жабылу салтанаты өтті. Бұл шара екі жылдық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында өткізіліп отыр.

ҚазҰУ-да Microsoft IT-академиясының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Аудeн, «Майкрософт Қазақстан» ЖШС бас директоры Тибор Колеяк және ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев қатысты.

2019 жылдың 10-ші сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында VI Фараби оқулары халықаралық ғылыми конференциясы аясында география және табиғатты пайдалану факультеті академик Қ.И. Сәтбаевтің 120 жылдығына арналған «Қазақстандық геология және минералогияны дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
ҚазҰУ-да Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының екі жылдығына орай VI Халықаралық Фараби оқулары аясында "Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері" атты тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешіміне пікір білдірді.

VI Халықаралық «Фараби оқулары» форумының аясында ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде Лотарингия университетінен (Франция) және Karadeniz Technical University Trabson (Түркия)жоғары оқу орындарынан келген шетел профессорларының дәрістері өтті. Ғалым-биологтардың дәрісіне факультет студенттері мен оқытушылары топырақ пен қоршаған ортаны сақтаудың әдіс тәсілдері бойынша ақпар алып, көкейлерінде жатқан сауалдарына жауап алу үшін келді.

Ғылыми кеңесте Қазақстан Республикасының химия ғылымының дамуына қосқан зор үлесі және Карачи университеті (Пәкістан) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы Халықаралық химия және биология ғылымдары орталығының 20 жылдық жемісті ынтымақтастығы үшін профессор Мұхаммед Икбал Чаудриге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы атағы берілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI Фараби оқулары аясында Лабораториялық медицина бойынша «Клиникалық медицинадағы зертханалық диагностика: дәстүрлер және жаңалықтар» атты I Халықаралық Конгресс өтті.