- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

10 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының екі жылдығына арналған «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты Халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика мамандығының магистранттары – Азамат Асқар, Әбілқас Ақмаржан, Болысбек Дәрежат және Ердеш Елнар AGH Technology and Science университетінде (Краков, Польша) «Modern methods in design and manufacturing of machines» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазановтың Қараши қаласында (Пәкістан) университетінің химия ғылыми-зерттеу институтының профессоры Муххамад Икбал Чоулдхаримен кездесуі өтті.

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «SSP квн» ойындары биыл ауқымды түрде аталып өтілді. «Басты себеп, 2019 жылдың жастар жылы деп жариялануы,»-дейді кеш жүргізушісі Дамир Әбділда.

2019 жылы 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті VІ Халықаралық Фараби Оқулары және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен ҚазҰУ-дың бірлескен жобасы аясында «Студенттерге медиасауаттылық керек пе?» тақырыбында Халықаралық жастардың онлайн конференциясы өтті.

Физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Нұрғали Тәкібаев 75 жылдық мерейтойын атап өтті.

Алматыда «Sanaly urpaq» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың лекциялық топтары өз қызметін жалғастыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрі, қоғам дамуының түрлі бағыттары бойынша өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау бойынша ашық алаң болып табылады. Аталмыш шара аясында cаясаттану және саяси техгологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен "Партиялар мен партиялық жүйелер: посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі" атты пікірталас өтті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында қойылған міндеттерді орындау мақсатында бүгін VI Халықаралық «Фараби оқулары» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы энеолиттік ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы басталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VI Халықаралық Фараби оқулары аясында 21 ғасырдың инновациялық потенциалы және тұрақты даму мәселелеріне арналған конференция өтті.