- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінде «Химия», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.

2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді. Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Биыл корейтану бөлімі бойынша Республикалық олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 27 студенті қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі, профессор Зауре Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысып қайтты.

Шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде саясаттану мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Байқауға барлығы үш қаланың 13 командасы қатысты.
2019 жылдың 29 наурыз механика-математика факультетінде ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Математика және математикалық моделдеу» ғылыми конференция-семинары өтті.

2019 жылдың 27-29 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен, дәстүрлі «Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиадасы» өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған университет делегациясы М.Ломоносов атындағы ММУ-де (Мәскеу қ., РФ) өткен «Университеттер, қоғам және адамзат болашағы» халықаралық форумына қатысты. «Жаңа ұрпақ университеті: 4.0 траекториясы» тақырыбындағы қазақстандық жетекші жоғары оқу орны басшысының баяндамасы форумның қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.