- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Жапонияның Экономика, сауда және өндіріс министрлігі (METI) ұйымдастырған «FY 2018 METI Japan Internship Program, Technical Cooperation & Emerging Market Development Program» бағдарламасы аясында Токиодағы Chiyoda Technol Corporation (株式会社千代田テクノル) компаниясында тағылымдамадан өтті.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Kim Heung-Soo мырзамен Елші сағаты өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысты.

ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының химия ғылымдарының докторы, профессоры Қайырбеков Жақсынтай ғылымға деген ерекше үлесі үшін «Әл-Фараби» күміс медалімен марапатталды.

2019 жылы 15 наурызда шығыстану факультетінде қысқы мектеп аясында Қиыр Шығыс кафедрасы мен Токио университетінің гуманитарлық факультетінің қатысуымен студенттік форум болып өтті. Студенттер оқу ерекшелігі, мәдениет, сонымен қатар өздерінің қызығушылықтары туралы айтып, форумға белсене атсалысты. Форумда пайдаланылған тілдер: ағылшын және жапон тілі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мемлекет президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін үлкен флешмоб өткізді.
20 наурыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер қалашығының ұйымдастыруымен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының алаңында «Әз-Наурыз» мерекесі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жастар жылы аясында «Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. Оған Алматы қаласының 38 жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚазҰУ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен, «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Корей апталығы басталды. Дәстүрлі іс-шаралар "Біз Корея туралы не білеміз?" тақырыбен басталды. Жыл сайын жоғары курс студенттері арасында Корей тарихы бойынша жарыс өткізіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасы 2019 жылы корей тілін білу бойынша эссе байқауын өткізді. Конкурсты қаржыландыруды Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы жүзеге асырды. Байқауға алғаш рет корейтану бөлімінің барлық студенттері қатысты.