- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
11.03.2019
Чемпионның алтыны
Словенияда жүзуден халықаралық турнирде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Дмитрий Баландин төртінші алтын медалін қанжағасына байлады.
07.03.2019
Smart City бойынша мамандар даярлау
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Smart City» мамандарды даярлаудың қосдипломды инновациялық бағдарламасын ашады.
07.03.2019
ҚазҰУ жігіттерінің мерекелік тартуы
ҚазҰУ-да Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен дәстүрге айналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі ерекше салтанатпен өтті.
07.03.2019
Көктем шуағы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Елордамыз Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өтті. Кездесуге көп балалы ана ретінде «Күміс алқа» иегері, алты баланың анасы, филология ғылымдарының кандидаты, білікті маман, университетіміздің филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Мәншүк Құдайбергенқызы Мәмбетова және т.б. қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Караши (Пәкістан) университетінде бірлескен ғылыми орталық-инновациялық зерттеулер зертханасын ашты. Жоба Оңтүстік елдерінің тұрақты дамуы үшін ғылым және техника жөніндегі комиссияның (COMSATS) көмегімен жүзеге асырылды.
07.03.2019
Білім экспортының курсы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Стамбул қаласында (Түркия) өткен EURIE (Eurasia Higher Education Sumit) жоғары білім беру бойынша IV Еуразиялық саммит жұмысына қатысты.
06.03.2019
Аударманың озық тәжірибесі
Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы «Шет тілін оқыту мен аударудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
05.03.2019
Алғашқы медаль қоржында
Красноярск қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы студенттік универсиада ойындарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Жанбота Алдабергенова Қазақстан командасына алғашқы медаль, қола жүлдені қоржынға салды.
04.03.2019
Жапон тіліндегі шешендік өнер
ҚазҰУ-да дәстүрге айналған Қазақстан бойынша жапон тілінен шешендік өнер сайысы болып өтті.
01.03.2019
Қалдықтарды басқару бойынша вебинар өтті
ҚазҰУ-да «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы мамандарды дайындаудың құзыреттілігін арттыру» Эразмус+ жобасы аясында «Қалдықтарды басқару саласында онлайн оқытудың перспективалары» атты вебинар өтті.