- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Европа және Орталық Азия аймақтарынан келген мамандардың қатысуымен «[DECIDE] мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету түрлерін дамыту» ERASMUS+ жобасының бастапқы кеңесі өтті.

Тау-Тұран білім беру сауықтыру кешенінде ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросының қолдауымен бүкіләлемдік радио күніне арналған халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі болып өтті.

Астанада өткен Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес Жоғары мектебінің ІІІ курс студенті Гауһар Алмагамбетова үстел теннисінен командалық жарыста бір күміс және жұптық есепте қола медальдерін жеңіп алды.

Вашингтон университетінің профессоры Марина Толмачёва жеке қорынан ҚазҰУ кітапханасына құнды кітаптарын сыйға тартты.

ҚазҰУ-да білім алып жатқан ауған студенттері Ауғанстаннан келген белгілі журналистермен жүздесті.

2019 жылы қаңтарда өткізілген «Webometrics» халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 28 мың ЖОО арасында 2503 орынды иеленді.
Әл-Фараби кітапханасында философия ғылымдарының докторы, профессор, философия кафедрасының меңгерушісі Г. Нұрышеваның 60 жылдығына арналған «Ұлы Даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1926 жылы Бакуде алғаш жарияланған «Бүкілодақтық түркітану съезі. Стенографиялық есеп» атты жаңартылып шығарылған кітаптың тұсаукесері өтті. 2018 жылдың желтоқсан айында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов бастаған делегацияның Әзірбайжанға сапары барысында бірегей және раритетті кітапты қайта шығару туралы келісімге қол жеткізілді.

«Total» әлемдік энергетикалық компаниясының (Франция) танымал сарапшысы профессор Эрве Оберрейнер ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қысқы сессия қорытындысы бойынша бос білім беру гранттарына тағайындалған студенттер тізімін жариялайды.