- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
04.02.2019 БАҚ өкілдеріне арналған брифинг
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат 2018 жылы ашылған «Sanaly urpaq», «Алматы – адалдық алаңы», «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» атты жобалық кеңселер басшыларының қатысуымен брифинг өткізілді.
04.02.2019 Үнді еліндегі сәтті сапар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедра студенттері 15-30 қаңтар аралығында Үндістан Республикасына шеруіне қатысып қайтты.
30.01.2019 Ханкукпен бірлескен қысқы мектеп
Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» атты кәріс тілін үйренушілерге арналған қысқы мектеп өтті.
30.01.2019 Үндістан күндері ҚазҰУ-да
ҚазҰУ-да Үндістан Республикасының 70 жылдығы мен үнді халқының рухани көшбасшысы Махатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына арналған іс-шаралар өтуде. Олар еліміздің жетекші жоғары оқу орны мен Қазақстандағы Үндістан Елшілігімен бірлесе отырып өткізілуде.
29.01.2019 ҚазҰУ озық медицина орталығын құрады
Алматы қаласының №1 клиникалық ауруханасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Оңтүстік Корея мамандарының қатысуымен озық медицина орталығына айналады.
29.01.2019 ҚазҰУ профессорының Женевадағы дәрісі
ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор Алмаш Сейдикенова Женева университетінде (Швейцария) дәрістер курсын оқып, конференция өткізді.
25.01.2019 Өзгелерге көмектескенің, өзіңе көмектескенің!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде педагогикалық практика шеңберінде саясаттану мамандығының 4 курс практикант-студенттері кураторлық сағатта Республикалық Қоғамдық «Еріктілер лигасы» фондының Төрағасы Ерниязова Айсұлу Әлімжановамен «Өзгелерге көмектескенің, өзіңе көмектескенің» атты кездесу өткізді.
25.01.2019 «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбы талқыланды
24 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы кітапханада «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына жұмысына Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза және климаттың өзгеруі саласында мамандар (РМК «Казгидромет», ЖШС «География институты», академик У.М. Султангазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты) және метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары мен студенттері қатысты.
25.01.2019 Ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
24.01.2019 ҚазҰУ студенттерінің Қазақстан жастарына ундеуі
Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, бүкіл ел жастарына үндеу тастаймыз!
Қазақстан Жастар жылына аяқ басты, бұл – Елбасының ел болашағы жас ұрпаққа деген үлкен әрі ерекше қамқорлығының көрінісі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтудың жауапкершілігі мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру және әлемдік деңгейде ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жастарға аса зор жауапкершілік пен үлкен үміт жүктеледі.