- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында айтылған ойлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен студенттік форумда талқыланды. Өздері бастама танытқан жетекші университеттің студенттері Қазақстан жастарын «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» ұлттық жастар қозғалысына қосылуға шақырды.

Жуырда Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын талқыланды. Куратор-эдвайзерлер және «Шығыстану» мамандағының докторанты Сермухаметова Багжан тарихи көзқарас арқылы қазіргі заманның негізгі басымдықтары туралы 1 курс студентеріне егжей-тегжейлі баяндап берді.

Механика кафедрасының түлегі Сейдулла Бексұлтан MIT – дың грантын ұтып алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Журнал клубы" ғылыми үйірмесінің жетінші отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары Нью-Йоркте өткен БҰҰ үлгісі бойынша Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің қорытындыларына арналған «дөңгелек үстел» шарасына қатысты.

Корей Республикасы, Андонг қаласында орналасқан Андонг мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 17-18 қаңтар аралығында «Мәдени құндылықтардың жаңа түсінігі және оны қолдану» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция барасында Жапония, Қытай, Монғолия және Қазақстаннан келген спикерлердің он екі баяндамасы тыңдалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтингісінде дамушы елдердің 201-250 үздік жоғары оқу орындарының тобына енді.

ҚазҰУ ректоры Алматы қаласындағы №1 ауруханада Оңтүстік Кореяның медициналық орталығын құруды ұсынды. Бұл туралы Ғалым Мұтанов Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесуі барысында айтты.

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр.

15 қаңтарда 7 мыңнан астам студент пен түлек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мәңгілік ел қақпасы алдына жиналып, университеттің 85 жылдығына арналған флешмоб өткізді.