- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

Алматы қаласында Конституциялық Кеңес Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылғы ҚазМУ заң факультетінің түлегі Қайрат Мәмидің өмірі мен қызметіне арналған "Өнегелі өмір" сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетіне Оңтүстік Африка Республикасының бірінші президенті Нельсон Манделаның 100 жылдығына орай Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы, Түрікменстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Китумецки Сиипило Тэндк Мэтьюстің (H. Keitumetsi Seipelo Thandeka Matthews) бейресми сапары болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Оңтүстік Африканың Қазақстан, Түрікменстан, Қырғыстан, және Тәжікстандағы елшісі Кийтуметци Сейпело Сандека Мэттьюспен іскерлік кездесу өткізді.
Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Наталья Ем Қазақстан корейлер Қауымдастығы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына қатысып, Хангук шет тілдер университетінде Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰУ-да «Алатау» қысқы бағы ашылды.

Жақында Алматы қаласында Орталық мемлекеттік музейінде жыл сайын өтетін Жапон мемлекетінің мәдениет күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі және Қазақ-Жапон Адам Ресурстарын Дамыту Орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер қауымдастығы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі Жапон мәдениет күнін өткізді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад әл-Жиндимен кездесті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді. Еліміздің жетекші жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары үшін қысқы бақ пен биге арналған студенттік жаңа залдың ашылуы көпшілікке тосын сый болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды.