- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың үздік студенттеріне Оңтүстік Кореялық «POSCO» қорының арнайы шәкіртақысы табысталды.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ҚР Президенті Архивінің директоры Жəмилə Əбдіқадыровамен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаның басымдылық бағыттарына сай мамандарды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру, Халықаралық жас архивистерінің жазғы мектебі туралы мәселелер талқыланды.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Қалқаман Жұмағұлов бастаған топ жақында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» атты мемлекеттік бағдарлама бойынша ғылыми іс-сапардан оралды.

Қазақ ұлттық университеті мен DFG неміс ғылыми-зерттеу қоғамдастығы ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді. Мұндай алдын-ала келісім ҚазҰУ басшылығының неміс ғылыми-зерттеу қоғамдастығының делегация құрамын бастап келген өкілдіктің басшысы Вильма Ретхагпен кездесу барысында айтылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының базасында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту фондының қамқорлығымен студенттер арасында Әскери-патриоттық «Sarbaz race - 2018» ойыны өтті.

Журналистика факультетінде The Associated Press ақпараттық агенттігінің тілшісі, белгілі жазушы Жессе Холандпен кездесу өтті. Белгілі журналиспен кездесуді журналистика факультеті ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар Көкпар Лигасы» мен ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен ұлттық спортымызды дамыту мақсатында «JKL PROFI 3x3» форматында кәсіби көкпар командалары арасында тартысты көкпар ойыны өтті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен шығыстану факультетінде «Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері DEPO Evolution Park үлгісімен Қазақстанның барлық қалаларында жастарды қолдау бойынша арнайы орталықтарды құруды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш шара Түркі әлемінің журналистер федерациясы және ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтті.