- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның инвесторлары ҚазҰУ-дың студенттік ауруханасының құрылысын қаржыландыруға ниетті. Бұл туралы ҚазҰУ басшылығы DK Consultants компаниясының президенті Дэвид Ким бастаған Корей делегациясымен кездесу барысында айтылды.

2018 жылдың 19 қазанында Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары Түркі әлемінің журналистер федерациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ғылыми әрі деректі туындылар дайындайтын жаңа медиа орталық ашылады.

ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті Ресей Ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, Халықаралық көші-қон ұйымы, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) және БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып «Еуразиядағы көші-қон көпірлері» жобасы аясында «Қазақстан-Еуразияның көші-қон хабы ретінде: көші-қонның тұрақты дамуға қосатын үлесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

ҚазҰУ-да бір апта бойы медицина саласы қызметкерлерін, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін IFOM және USMLE емтиханына дайындау бойынша семинар өтті.
Шығыстану факультетінде «Шетелдердегі корейтану ғылымын зерттеудің көкжиектерін кеңейту және нығайту» тақырыбында шетелдік корейтану ғылымы бойынша халықаралық семинар өтті.
ҚазҰУ-дың жастар алаңында Биология және биотехнология факультеті мен Алматы облысы Іле ауданы Жаңаталап ауылында орналасқан оқу Агробиозертханасының ұйымдастыруымен экологиялық, табиғи таза өнімдер жәрмеңкесі өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды талқылады. Президенттің жаңа бастамалары еліміздің жетекші университетінің оқытушылары мен студенттері тарапынан қызу қолдау тапты. Ғалымдар негізінен кәсіптік даярлау саласына қойылған міндеттерді талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қарттар күні мерекесіне орай еңбегі ерең, өмірі үлгі, алдыңғы аға буын ардақты қарттар қауымы мен жастардың кездесуі өтті.
ҚазҰУ-да Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен тұспа-тұс келді.