- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыра отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындарының біріншісі болып постдокторлық бағдарламасын ашты. Бұл маңызды қадам университетті озық әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттеріне айналдыруға және әлемдік ғылыми-білім беру қоғамдастығындағы қазақстандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға бағытталған.

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мен білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесе «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді.

ҚазҰУ-да «Аса жоғары энергиялы бөлшектердің физикасы және астрофизикасындағы негізі мәселелері» атты V халықаралық жас физик ғалымдардың кезекті жазғы мектебі басталды.

Австрияның Альпбахында үкімет басындағы және бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жоғарғы деңгейдегі жыл сайынғы беделді саяси форум болып өтті. Еуропалық және жаһандық мәселелердің шешімін табуға арналған бұл шара өз алаңында әлемнің 100 мемлекетінен келген 5 мың қатысушылардың басын қосты.

ХVIII Жазғы Азия ойындарында өнер көрсетіп жатқан ҚазҰУ студенттері ел қоржынын жүлделермен толықтыруда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы студенттерімен 2018 жылдың 23 шілдесі мен 25 тамыз аралығында өткізілген оқу жиыны жоспарланған далалық сабақтармен ғана емес, сонымен қатар болашақ Отан Қорғаушылардың оқу бағдарламасын терең меңгеруіне және тәрбиесіне ықпал ететін бір қатар іс-шаралармен молықтырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги-Мун атындағы тұрақты даму институтының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанды еске алу дөңгелек үстелі өтті.

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан XVIII жазғы Азиада ойындарында ҚазҰУ студенттері де ел намысын қорғап үздік көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Рио-2016 олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азиада-2018 ойындарында қола жүлдегер атанды.

Алматы қаласында «Алматы Арена» сарайында футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатының салатанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш Чемпионатқа ҚазҰУ-дың Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері Ринат Умешов, Болат Сарбасов (ерлер командасы) және Тоғжан Бекпенбет (әйелдер командасы) қатысуда.