- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында 23 шілдеден бастап 25 тамыз аралығында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасының толық курсын өткен студенттермен оқу жиыны өткізіледі.
25.07.2018
Талапкерлер талпынысы
ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы 26 шілдеге дейін республикалық білім гранты байқауына талапкерлердің құжатын қабылдап жатқанын тағы бір мәрте хабарлайды.
24.07.2018
Шетелдік студенттер ҚазҰУ-ды таңдауда
Көптеген шетелдік азаматтар сапалы білімді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғысы келеді. Оған жетекші қазақстандық ЖОО-ның әлемдік рейтінгілердегі орны, білім берудің ағылшын тілінде болуы және де шетелдік серіктес университеттермен 70-тен астам қосдипломды бағдарламалардың жүзеге асырылуы өз ықпалын тигізуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында "Нұр Отан" партиясының мүшесі Парламент Мәжілісінің депутаты отставкадағы генерал-лейтенант А.Тасбулатовпен кездесу өтті.
ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Қытай мелекеттік шәкіртақы кеңесінің басшының хатшылық орынбасары Ван Шэганмен кездесті.
20.07.2018
Бос білім гранттар байқауы
Құрметті білім алушылар! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бос білім беру гранттары туралы хабарлайды. Егер де сіз келісім-шарт негізінде яғни (ақылы) білім алып жатсаңыз, талаптарға сәйкес келген жағдайда өз мамандығыңыз бойынша білім беру грантына үміткер бола аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін факультет деканаттарына хабарласуларыңызға болады!
20.07.2018
ҚазҰУ студенті Азия кубогында алтын алды
ҚазҰУ-дың «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Сұңғат Жұбатқан Шолпан-Атада (Қырғыстан) Азия кубогы үшін өткен жастар арасындағы дзюдодан алтын алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы 18-26 шілде аралығында республикалық білім гранты байқауына талапкерлерден құжат қабылдайды.
World ' s Brands & Leaders 2017-18, сыйлығымен марапатталған "Әлемдегі ең үздік атқарушы директор" номинациясының иегері Дубайдағы SP Jain School of Global Management университетінің бас директоры және кампус басшысы Кристофер Абрахам әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметімен танысты.
13.07.2018
Сөмкеңді мектепке дайында
ҚазҰУ-да "Парасат" қызметкерлер кәсіподағының ұйымдастыруымен "Сөмкеңді мектепке дайында" салтанатты акциясы өтті.