- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Италия Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Паскуалье Д’Авино ҚазҰУ басшылығымен кездесу барысында серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылады.

ҚазҰУ-да «Тотал Энерджи» жазғы мектебінің жабылу салтанаты болып өтті.

ҚазҰУ-да «5В060800-Экология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының халықаралық семинары өтті.
Алматыда «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Тоқұшевтің қатысуымен Алматы қаласы бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сандық технологияларды белсенді түрде енгізіп қана қоймай, IT қызмет көрсету саласын кеңейтіп келеді. Енді университеттің kaznu.kz сайтында білім ордасына түсуші шетел азаматтарының құжаттарын онлайн түрде тіркеу және қабылдау үшін жаңа қызмет қолжетімді болды, - деп хабарлайды «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
Алматылық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «SANALY URPAQ» жобалау офисі эксперименттік режимде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүйесін сынақтан өткізді. Ол республикадағы жетекші университеттің жалпы 16 мыңнан астам студенттері мен оқытушыларын қамтыды.

ҚазҰУ-да мемлекет жəне құқық теориясы және тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқығы кафедрасының бастамасымен «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы және «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі біріге отырып «Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне басқару механизімі» тақырыбында онлайн түрде аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі спорт және денешынықтыру комитетінің ұйымдастыруымен бадминтоннан ерлер командасы арасында Қазақстан Республикасының командалық кубогы үшін жарыс өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті мәжілісі өтті. Аталмыш жиында Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясындағы жаратылыстану және математика бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға байланысты мәселелер талқыланды.

Алматыда «Әлеуметтану: жаңа ұрпаққа арналған жаңа оқулықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның қатысушылары – сарапшы-әлеуметтанушылар, Оңтүстік астанадағы әлеуметтік-гуманитарлық жоғары оқу орындары кафедраларының оқытушылары, зерттеу институттарының өкілдері - «Жаңа гуманитарлық білім.