- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Астанада өткен «Қазақстандағы SAP» ең ірі бизнес-көрмеде Университеттік Альянс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен SAP компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. ҚазҰУ базасында еліміздегі кәсіпкерлік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған «SAP Next Gen Labs» инновациялық зертханасы ашылатын болады. Бұл зертхана жаңа IT-технология саласында оқытушылар мен студенттерді оқытып қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Механика-математика факультетінде «Механика» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқу бағдарламасын жасау жөнінде семинар өтті.
ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аясында «Шетел студенттерінің Қазақстанға көзқарасы» атты ЖОО арасында телекөпір болып өтті.
ҚазҰУ ректоры Кореяның Кенсанбук-до провинциясының губернаторы Ким Кван Ен бастаған делегация құрамымен кездесті.

Алғаш рет Қазақстандық университет - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ).
31 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелердегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмі мен ресурстары, қазіргі таңдағы технологиялары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мәскеу қаласында Ресей халықтар достығы университетінде әлемнің 400-ге жуық жетекші университеттері өкілдерінің басын қосқан «QS Worldwide» атты екінші халықаралық форум-көрмесі болып өтті. Қазақстандық ЖОО-ның ғаламдық ғылыми және білім беру кеңістігінде өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, QS атқарушы кеңесі кезекті форумды Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде өткізу туралы шешім қабылдады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Хэнань университеті ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды, аталмыш келсім қос ел студенттерінің гумантарлық және техникалық мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дің бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев атап өткендей қазіргі таңда университет қытайлық ғалымдармен бірлескен жобалар жүргізіп ҚХР-ның 40-тан астам университетімен ынтымақтастық қарм-қатынаста. ҚХР университеттері «Бір белдеу-бір жол» жобасына ерекше қызығушылық танытып отыр. Аталмыш бағдарлманың қызметі өз уақытында екі ел көшбасшыларымен егжей-тегжейлі талқыланған болатын. ҚазҰУ әлемнің 136 мемлекетінің 136 университеті кіретін Жаңа Жібек жолы Альянс университеттер үйлестіру комитетінің мүшесі болып табылады.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бин Мұхаммед әл-Жаруан мырзаның үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Алматыға жасаған ресми іссапары барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетімен танысудың орайы түсті.
Бұл күндері әсем Алатаудың етегіне орналасқан «қайырымды қаланың» – талай ақын жыр арнаған, талай әнге арқау болған, «ҚазҰУ-дың қалашығын – көзінің қарашығына» теңеген университет қалашығының – мамырдың соңғы күндері кезекті оқу жылының аяқталар сәтіне таянып, түлектері қимай қоштасып, қойнауы дүбірге толып, табиғаты таңғажайып түрге еніп, тотыдайын таранып тұрған шағы.