- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің 4 курс студенттері эдвайзерлері М.Т. Шадаевамен бірге Алматы қаласының «Құлагер» ықшамауданында орналасқан 148 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу бейресми жағдайда, еркін форматта өтті.
ҚазҰУ-да Қазақ-Катар ғылыми-білім беру орталығын ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазҰУ ректоры Хамад бин Халифа атындағы университет президенті Ахмад Хасна бастаған делегация өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Қазақ ұлттық университетінде оқушылар мен студенттер арасында робототехникадан чемпионат өтті. Әл-Фараби ғылыми кітапханасында механика кафедрасы мен білім беру және спорт робототехникасы бойынша «КазРоботикс» қазақстандық федерациясының ұйымдастыруымен "KazRoboSport 2018" атты республикалық іріктеу чемпионаты өтті

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде жаһандық азаматтық мәселелеріне арналған халықаралық конференция өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде БҰҰ алаңындағы бұндай жоғары деңгейдегі іс-шараның бастамашысы жетекші қазақстандық жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Конференцияны ұйымдастырушылар қатарына сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер Альянсы мен ҚР-дың БҰҰ жанындағы өкілдігі кіреді.
Алматыдағы әл-Фараби кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» мемлекеттік жобасына арналып «Болашақ оқу аудиториясында жасалады» атты дөңгелек үстел өтті. Инновациялық жоба заманауи қазақстандық студенттердің таным көкжиегін кеңейтті – енді философия, психология, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, лингвистика, журналистика, экономика және менеджмент салаларындағы әлемдік ғылыми бестселлер қазақтілінде қолжетімді болады.

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚазҰУ-да Ұлы Отан соғысына қатысушылар, еңбек майданы ардагерлері мен Ақсақалдар кеңесі мүшелеріне арнайы құрмет көрсетілді.

2018 жылдың 3 сәуір күні V Халықаралық Фараби Форум шеңберінде саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының дискуссиясы басты спикер – еліміздегі Тәжікстан Республикасының Бас консулы Назир Баходур қатысуымен өтті. Іс-шараға қазақстандық эксперттер, оқытушылар құрамы, студенттер, докторанттар қатысты.
ҚазҰУ-да Мансап және кәсіби даму орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге 60-қа жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ұйымдар, ірі компаниялар қатысты. Аталмыш шараның мақсаты-ҚазҰУ-дың бітіруші түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға себепші болу.

Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз «Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс» тақырыбында елші сағатын өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2021 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды. Бұл шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметінің қорытындысы негізінде қабылданды.