- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар


Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті деканы Ы.М. Палтөре бастамасымен оқытушылар құрамы мен студенттері Алматы қаласы Әуезов ауданы Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының мұғалімдері және 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Токио университетіне барып қайтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері корейтану бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой ғылыми, білім беру және мәдени орталығы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы мәдени орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 ақпанында «Шығыс поэзиясы: Абай мен Нима, Мұқағали мен Орхан Вели» атты халықаралық поэзия кеші өтті.

Әлемге аты әйгілі «Microsoft» компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы озық IT- технологияларды енгізіп, сандық университетті сәтті құрғаны жайлы бейнеролик түсіріп, өздерінің сайттарына жариялады.

ҚазҰУ студенттері Қазақстандағы Үндістан Республикасы елшілігінің Үнді мәдени орталығының директоры Дханвир Сингх Раватпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де белгілі қоғам қайраткері, жазушы, публицист, филология ғылымдарының докторы, ҚР журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

ҚазҰУ-да «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академик Хабибулла Оспановтың өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстамбұл (Түркия) қаласында өткен жоғары білім беру бойынша Еуразия саммитінің (EURIE) жұмысына қатысты.