- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «5В071700-Жылу энергетикасы» мамандығының 1 курс студенттері ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында болып қайтты.
ҚазҰУ-да «Ештай Ақжан Жайлауханұлы атындағы сот мәжілісі және медиация оқу залы» ашылды.

Физика-техникалық факультетінің студенттері ай тұтылу процесін бақылады.

Microsoft Power BI бизнес-сараптамасының бұлттық қызметін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жүзеге асырудың үздік үлгісі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Өнегелі өмір» сериясы бойынша қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі, өнертану ғылымының докторы, профессор, және де алғашқы академигі Ахмет Жұбановқа арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Алматыда 38 ЖОО-ны біріктірген Университеттер альянсі құрылды. Альянстің басты мақсаты – ЖОО оқытушылары, ғалымдары мен студенттерінің әлеуетін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдыру.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 23-25 қаңтар аралығында ресертификаттық аудит өтті. Бұл университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) ISO 9001:2015 стандарттық талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған.

Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған міндеттер аясында ҚазҰУ Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруда. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында ҚазҰУ базасында «Silicon Valley» үлгісіне негізделген әлемдік деңгейдегі ІТ-технопаркін құруды ұсынды. Бұл идеяны іске асыра отырып, ҚазҰУ әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орнын біріктіретін Жаңа Жібек Жолы университеттерінің альянсымен бірлесіп халықаралық IT-технопаркін құруда.

2009 жылы енгізілген «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы Қазақстанда жаңа болып табылады. 2010 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасында аталған мамандық бойынша бакалаврларды оқытуға лицензия алып, алғашқы студенттерді қабылдаса, бүгінде ҚазҰУ-де толыққанды үшдеңгейлі ғарыштық сала мамандарын дайындау жүзеге асырылуда.

ҚазҰУ ректоры «Fraunhofer IFF» өнеркәсіптік өндіріс және автоматтандыру институтының консультативтік кеңес жөніндегі төрағасы Бергард Чилмен кездесті.