- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚазҰУ басшылығы Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кармен бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Ыстамбұл университетінің проректоры Айдын Орхан Джанболатпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Шанхай көлік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың университеттің вице-президенті Сю Сюемин бастаған қытайдың жетекші оқу орны делегациясымен кездесуі барысында орын алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен RADI институты арасындағы келісім аясында 2018 жылдың 7-12 қаңтарында ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазановтың басшылығымен, ғылыми технологиялық парк директоры Ә.Ә. Темірбаев, Жерді арақашықтықтан зондылау центрінің директоры Б.С. Сахариев пен география және табиғатты пайдалану факультетінің доцент м.а. Д.К. Шокпарова орналасқан негізгі зерттеу нысандары мен Қашғар мен Үрімші қалаларында орналасқан ұйымдар мен мекемелерге барды.

«Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір» жобасы аясында Шығыстану факультетінде боксшы, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында олимпиада чемпионы, «Олимпиадалық бокс орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті. Кездесуді Шығыстану факультетінің деканы және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Ықтияр Палтөре кіріспе сөзімен ашты.

ҚазҰУ-да балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға арналған алғашқы халықаралық конференция өтуде.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Заманауи экономист: мамандықты реактуализациялау» тақырыбында экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды.

Халықаралық қатынастар факультетінде Франция елшілігі, Қазақстандық француз тілі оқытушыларының республикалық ассоциациясы және Француз Альянсының қолдауымен республикадағы шет тілдері оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Шетел тілдері мен аударманы оқытудағы заманауи әдістер» атты республикалық семинар өтті.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа жаһандық ақиқат жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік жайлы айта келе, Қазақстан әлемге мұнай ресурстары және ірі халықаралық бастамаларымен ғана емес, мәдени жетістіктерімен де танылуы керектігін атап өтті. Осы маңызды жұмыста академиялық қоғамдастық пен университеттердің атқарар рөлі ерекше.