- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестерінің (ACCELS) делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Тамара Шалахметованың 70 жылдығына арналған «Биомедицина мен экологиядағы заманауи жетістіктер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №14 (1882) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

Көрнекті ғалым, педагог, клетка биологиясы және экология салаларының білікті маманы Тамара Шалахметова 70 жасқа толды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың ҚазҰУ-да өткен «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция барысында «Жаратылыстану секциясы – қоғамдық ғылымның әлеуметтік прогресті дамытудағы рөлі» деген тақырыпта дайындаған жұмыстары тыңдалды. Конференцияға шетелдік тыңдаушылардан бөлек, еліміздің басқа университеттерінің студенттері де өз жұмысын ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Bike for Peace («Бейбітшілік жолындағы велосипедшілер») халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Туре Наарланд студенттерге көшбасшылық дәріс оқыды.

Терең ойды талап ететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие.

Ғылым саласында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ұстаз, философия ғылымының докторы, университетіміздегі Философия кафедрасының профессоры, Әл-Фараби халықаралық орталығының ғылыми кеңесшісі, көрнекті фарабитанушы Жақыпбек Алтаевтың есімі көпшілік қауымға етене таныс.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде белгілі суретші Қырым Алтынбеков атындағы көрме-фойе және «Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясының салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасында саяси қатынастар орнағаннан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Иранның бірнеше университеті арасында ғылыми және әріптестік байланыстар орнады.