- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Перлис университетінің Канцлері әрі Малайзияның мұрагер ханзадасы Туанку Саид Файзуддин Путра Ибни Туанку Саид Сираджаддин Джамалуллайл бастаған Малайзия делегациясы ҚазҰУ-ға ресми сапармен келіп қайтты.

Қазақ баласының ұлттық болмысын қалыптастыру жолында тынымсыз еңбек еткен біртуар ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор-педогог Алма Қыраубаеваның 70 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеттану ғылымы және ұлттық педогогика» атты тақырыпта республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Иммерсивті журналистика – виртуальды шынайылық жүйесіндегі ақпарат тарату, репортаж жасаудың жаңа сандық платформасы. Қазақстандағы БАҚ-тың жаңа түрі, әрі оның аудиторияға әсерін зерттеуді талап етеді.

ҚазҰУ-да университет базасы негізінде құрылған Алматы қаласы кәсіби даму және өзара әрекеттесу орталығы Британдық кеңеспен бірге зерттеушілердің біліктілігін арттыру бойынша Researcher Connect тренингі өтуде.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық кеңсесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоғамдық ақпарат департаменті білім беру және консалтингтік қызмет шеңберінде «Балаларға бірге көмектесейік» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы профессор Тұрсын Хафизұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Дәстүрлі қазақ мәдениеті және қазіргі кезең» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында «Әскери журналистика» және «Тәрбие және идеологиялық жұмыстар» әскери-есептік мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттермен «Аңыз адамдар арамызда» атты ерлік сабағы өткізілді.

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолындағы келісімде бүгінгі күні өз жалғасын табуда. Оның дәлелі ретінде 14 қараша 2017 жылы Қазақстандағы Пәкістан Елшілігі басшылығы, Ұлттық кітапхана қызметкерлері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің ұстаздары бірлесе Пәкістанның Тәуелсіздігіне 70 жыл толуына, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, сондай-ақ Пәкістанның ұлы ақыны, философы, рухани көшбасшы Аллам Мұхаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өткізді.

ҚазҰУ-да «Қазіргі заманғы түркітану» атты ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.
ҚазҰУ-да «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық Медиа форумы өтті.