- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрме өтті. Онда қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары әзірлеген коммерцияландыруға дайын жобалар ірі компания басшылары мен бизнес өкілдеріне таныстырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылған ІI халықаралық Фараби форумының жұмысы қорытындыланды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №13 (1881) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдығына арналған «Әбділдин оқулары» атты қазіргі физиканың өзекті мәселелері бойынша кезекті халықаралық конференция өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Парламент сессиясының ашылуында: «Елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс. Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл айдан анық нәрсе. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет», деп атап өтті.

Сіздерді 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Пенсильвания университеті Халықаралық қатынастар мектебінің профессоры Деннис Джетт «Бейбітшілікті сақтау және қақтығыс эволюциясы» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «KREATIVTİ QAZAQSTAN» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы оқушылар арасында «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ МЕКЕНІ» тақырыбына эссе байқауын жариялайды.

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанындағы «Мухаммед Али Джинна» орталығында Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Саджад Ахмед Сихар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті.