- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Пенсильвания университеті заң факультетінің деканы Стивен Барнс пен бұрынғы АҚШ елшісі, профессор Денис Джетт арнайы сапармен келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері спирулинамен байытылған диеталық нан өнімдерін алу технологиясын әзірледі.

12 сәуір – ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Даталы күнге орай 90 жылдық тарихы бар еліміздегі ең іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Жансейіт Түймебаевпен сұхбатымыз аталған оқу орнындағы ғылыми ахуал төңірегінде болмақ.

Заманауи жаһандану кезеңінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты «ғылым қоғамды жарқын болашаққа жетелейді» деп есептейтін технооптимистік және «ғылым адамдарды техниканың құлына айналдыратын қасірет» деп санайтын технопессимистік бағыттағы көзқарас қалыптасып отыр.
Еліміздің ғылымы мен жоғары білімі саласында үлкен із қалдырған, қазақтан бірінші болып теориялық физиканың есігін ашып, төріне шыққан көрнекті ғалым, біліктілігі мен қоғам алдындағы азаматтығы тең тұлға Мейірхан Әбділдин биыл 85 жасқа толар еді. Саналы ғұмырында артында өшпес мол мұра қалдырған, шәкірт тәрбиелеп, соның ішінде Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясы бойынша ғылыми-зерттеу мектебін мұра етіп қалдырған өнегелі ұстаз Мейірхан Мүбаракұлы қазақ ғылымындағы шоқтығы биік ғалымдардың бірі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар көрмесі өтті. Онда факультет білім алушыларының табысты ғылыми әзірлемелері мен студенттік стартаптар таныстырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтіп, жас ғалымдар марапатталды.

Құрметті үміткерлер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-ларында білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясынан келген Оңтүстік Федералды университетінің жобалық қызмет жөніндегі проректоры Максим Бондарев және Халықаралық қызмет басқармасының басшысы Рубен Цицуашвилиді қабылдады. Сұхбат барысында тараптар ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар бойынша пікір алмасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері Польшаның AGH университеті ұйымдастырған «Конструкциялардың жай-күйін бақылау және бұзбайтын әдістермен сынақтан өткізу» атты халықаралық онлайн-курсына қатысты.