- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар серіктестік орнату бойынша пікір алмасты.

Ел дамуының жаңа кезеңіне тән әлеуметтік әділдіктің жоғары деңгейіне жету үшін экономикалық саясатты реформалау қажеттілігі туындауда. Реформаға сай, қоғамда қалыптасқан «азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынастарды оңтайлы үйлестіру үшін әрқайсысының мүддесін тиянақты және әділ қанағаттандыру керек.

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының түлегі Айна Рысмағамбетованың ғылымдағы дара жолы жайлы «Qazaq universiteti» газетінің оқырмандарына баяндауды жөн көрдік. Өйткені Айна Ақанқызының алғырлығы, ізденісі қанаттас әріптестеріне, кейінгі буынға үлгі. Өзінің айтуынша, тағдырын ғылыммен байланыстырып, ғылым жолына түсуіне әрі тұлға ретінде қалыптасуы бұрынғы Энергоэкология, қазіргі Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасына тікелей қатысты.

1981 жылдың қыркүйек айы. Студент болып, қуанышымыз қойнымызға сыймай, шүйіркелесіп, танысып жатырмыз. Танысу кезегі Алматы қаласында дүниеге келіп, сол кездегі астанамыздағы №12 С.М.Киров (қазір Ш.Уәлиханов атындағы) қазақ орта мектебін бітірген менің аттасым – Раушангүл Аваковаға да келіп жетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып заң ғылымының докторы, доцент, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дамаск қаласындағы Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығына таңдаулы кітаптар мен киіз үй жіберді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Ресейдегі CNPC компаниясының бас директоры Бянь Дэчжимен кездесу өткізді. Жүздесуде екіжақты ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған «Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық Фараби форумы өтуде.

Парламент палаталары жаңа құрамының бірлескен отырысын ашқан Президент елдің алдында тұрған жаңа міндеттерді айқындады. Бұл міндет Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар арқылы іске асырылуға тиіс. Реформалар Мемлекет басшысы қалыптастырған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспа үйі Ш.Уәлиханов алаңында өткен дәстүрлі «Алматы кітап жәрмеңкесіне» қатысты.