- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
23.11.2016 Мехматтың тұңғыш деканы
Қазақ білімі мен ғылымының қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің ашылуына орасан зор еңбек сіңірген алғашқы деканы – профессор Хасен Ибрашұлы Ибрашевтің туғанына биыл 100 жыл.
22.11.2016 Ғылым жеткен бір белес
Индекстеу бойынша куәлікті Scopus халықаралық мәліметтер базасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының Редакциялық алқа мүшелеріне салтанатты түрде тапсыру рәсімі болды.
22.11.2016 «Мен жастарға сенемін!» студент жастардың төртінші патриоттық форумының іріктеуінен өткен студенттер тізімі жарияланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.
22.11.2016 «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» 2016 байқауының ақтық сыны өтеді
Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» 2016 байқауының ақтық сыны өтеді
22.11.2016 ҚазҰУ ғалымдары тамарикс өсімдігінен майлар мен гель ойлап тапты
ҚазҰУ жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗО химиктері Tamarix өсімдігінен алынған тамариксидин биологиялық белсенді комплексі негізінде май мен гель ойлап тапты.
22.11.2016 «Ғылым көшбасшысы – 2016» халықаралық тәуелсіз сыйлығының иегерлері анықталды
Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ мен Thomson Reuters компаниясының ұйытқы болуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ғылым және инновация – экономикалық дамудың негізі» деген тақырыпта халықаралық форум өтті.
21.11.2016 Ұлттық болмысты бейнеледі
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының ұстаздары мен студенттері №9 студенттер жатақханасында «Мен-патриотпын» тақырыбында поэзия кешін өткізді.
21.11.2016 Қазақстан мен Түркия бауырластығының мызғымас бірлігі!
Жуырда Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының 93 жылдығы аталып өтті. Аталмыш мерекеге Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры, профессор Сабри Хизметли, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті, профессор Ғарифолла Әнес, Евразия ғылыми-зерттеулер институтының директоры Невзат Шимшек және бизнес өкілдері мен түрік студенттері шақырылды.
21.11.2016 Өнерлі жас қытайтанушы
Қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері №14 жатақханада «Өнерлі жас қытайтанушы» атты танымдық-музыкалық кеш өткізді. Мұндай кештерді ұйымдастырып өткізу кафедра күнін атап өтудің дәстүрлі формасына айналған.
20.11.2016 БҰҰ моделі Ақтөбеде
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде халықаралық студенттік БҰҰ Моделі және тренинг өткізілді.