- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
26.03.2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу
(20-26 наурыз)
Күн мен түннің теңелген, табиғаттың түлеген кезіне тура келетін шығыс халықтарының ұлы мерекесі – Наурыз мейрамына орай университетіміздегі көрнекті ғалымдардың бірі, әдебиеттанушы, Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара ДӘДЕБАЕВПЕН әңгімелескен едік.
Университет басшылығы ҚазҰУ-да ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан ғалымдарды және өмірден өткен ардагерлердің жарларын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арнайы қонақ болуға шақырды. Ардагерлер бұрынғы әріптестерімен қауышып, қара шаңырақта дүбірлеп өткен Наурыз мерекесін бірге тойлады. Оқу орнының басшылығына, әріптестеріне, білім алушыларға ақ тілектерін айтып, бата берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде саясаткер, экономист, ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Қадыржан Дамитов көшбасшылық дәріс оқыды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазіргі қазақ тілі: графика және орфография» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазақстандық және Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында дайындық бағыттарының 14 бағыты және бес пәндік саланың төртеуі бойынша сенімді нәтижелер көрсеткен жалғыз университет.
23.03.2023
Мереке халықтық сипат алуы тиіс
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтудің қазіргі үлгісі бұрынғы мағынасынан біраз өзгерген. Дегенмен бұл мейрам елімізді мекен еткен орыс, украин, неміс, тағы басқа да түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ мерекесіне айналғаны анық.
23.03.2023
Наурыз суретшілер көзімен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен биылғы Наурыздың басты ерекшелігі – бір айға созылатын «Наурыз-арт» сурет көрмесінің ұйымдастырылуы. Көрме мерекені атап өтудің жаңа тұжырымдамасын толығымен қамтыды. Шыны керек, ҚазҰУ қабырғасында бұрын-соңды мұндай бай туынды ұсынған көрме ұйымдастырылған емес.
23.03.2023
РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
22.03.2023
ҚазҰУ-дағы Наурыздың басты ерекшелігі қандай болды?
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Жаңа Қазақстан: ұлтты ұйыстыратын құндылықтар» мерекелік бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шараларға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, факультет ардагерлері, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Мерекелік жиынға келген қонақтардан Наурыз мерекесінің жаңа форматта өткізілуі жөнінде ой-пікірлерін білген болатынбыз.