- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультетінде Мичиган мемлекеттік университетінің өкілдері (АҚШ) Норман Грэм және Стив Пуэпкэмен кездесу өтті.

Наурыз мейрамы – барлық қазақстандықтар үшін тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналған.
18.03.2016 Спорттық туризм
Қазақстандағы туризмді және спортты дамыту «ЖасТур» клубы спорттық туризм және туристік көпсайыс секциясының ашық жаттығуы шеңберінде «Құзға өрмелеп шығумен көтерілу – дюльфермен түсу» қашықтықта ұлдар мен қыздар арасында ашық жарыс өткізді.
ҚазҰУ жанындағы Еуропалық Ақпараттық Орталық Еуропалық Одақ Өкілдігінің сыртқы байланыстар жөніндегі еуропалық қызметінің Орталық Азия Басқармасының басшысы Тойво Клаар мырзамен халықаралық қатынастар факультетінің және Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған кездесу ұйымдастырды.

80 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүгінгі күнде жеткен жетістігі шаш етектен.
Жыл сайын ҚазҰУ-да «мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған жастарды жұмыспен қамту мақсатында игі істер қолға алынады. Осыған орай, тарих, археология және этнология факультеті жуырда ҚР Президенті архивінің қызметкерлері қатысуымен ғылыми семинар өткізді. Оған кафедра меңгерушілері мен оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты.

ҚазаҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Германия Бас елшілігінің мәдени атташесі Рабан Рихтер мырзаның неміс тілін меңгеріп жүрген факультет студенттерімен бейресми кездесуі өтті.
14-15 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Студенттік көктем-2016» байқауының ақтық сыны болып өтті.

ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы университет пен British Council арасындағы әріптестік жоба ретінде «Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында «Зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау» тақырыбында трененинг өткізді.
Дінтану мамандығының 1-курс магистранттары мен дінтану мамандығының 2-курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты.