Жаңалықтар

Жаңалықтар


19-қаң-23 «Сыр-Арал этнографиясы» кітабының тұсаукесері өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің профессоры, этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаеваның «Сыр-Арал этнографиясы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ұлттық кітапханада өткен таныстырылымға белгілі тарихшы ғалымдар, ақын-жазушылар, мұражай қызметкерлері мен жастар қатысты.


19-қаң-23 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экологиялық генетика және халық денсаулығы: жетістіктер мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымының докторы, профессор Биғалиев Айтқажы Биғалиұлының 80 жылдығына арнайы ұйымдастырылды.


18-қаң-23 Шығыстанушылар Сауд Арабиясы Корольдігінде кәсіби біліктілігін арттырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің тарихында тағы да бір елеулі жаңалық орын алды. Факультеттегі  Арабтану орталығының ұйымдастыруымен бір топ арабтанушылар Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласындағы Король Сәлман атындағы халықаралық Араб тілі Академиясында араб тілін шетелдіктерге оқыту әдістемесіне арналған ғылыми-әдістемелік семинарға қатысып қайтты. Бұл іссапар қабылдаушы тарап - Араб тілі Академиясы тарапынан қаржыландырылды.


18-қаң-23 Радикализмнің алдын алуға негізделген Халықаралық қысқы мектеп өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Түркия Дін істері басқармасымен (Diyanet) және Turkiye Diyanet Vakfı қорымен (TDV) бірлесіп, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 2023 жылдың 23-25 қаңтарында «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» атты Халықаралық қысқы мектебін өткізеді.


17-қаң-23 ҚазҰУ мен Ақтеңіз университеті арасындағы серіктестік артады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркиядағы Ақтеңіз университетінің Денсаулық сақтау саласын басқару ісі кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Чобанмен және профессор Ферхат Сарыбекпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар серіктестікті одан әрі арттыру және ауқымды жобаларды бірлесіп атқару бойынша мәселелерді талқылады.


17-қаң-23 Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты

Тәуелсіз мемлекетіміз биылғы жаңа жылмен қатар, жаңа Қазақстан дәуіріне аяқ басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды қорытындылай келе, «2022 жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. 


17-қаң-23 ҚазҰУ магистранттары Баку университетінің дипломын алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранттары Баку мемлекеттік университетінде қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша диплом алды.


16-қаң-23 Жаңа міндеттер жүктелді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректорат отырысы өтті. Күн тәртібінде ⅠⅠ академиялық семестрге дайындық деңгейі қарастырылып, жаңа жылда атқарылуы тиіс жоспарлар талқыланды.


15-қаң-23 ҚазҰУ түркітану аясын кеңейтуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан – Түркия арасындағы тюркологиялық зерттеулерді тереңдетудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми конференция және «Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» атты 20 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Қазақстан мен Түркияның түркітанушы ғалымдары, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Түркіменстан елдерінің Бас консулдары, ЖОО басшылары, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты.


12-қаң-23 «Кереметте» банк бөлімшесі ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «БанкЦентрКредит» банкінің жаңа сандық форматтағы бөлімшесі ашылды.