Жаңалықтар

Жаңалықтар


15.12.2012 Жарқын болашаққа жол ашқан жолдау

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын зор ынтамен тыңдадық. Бүгіннің биігінен қарап, өткен уақыт пен жаңа кезеңді салыстыра саралап, Қазақстанның келешек өзіндік даму үлгісін мақсат тұтқан, көрегендік пен кемеңгерліктің, парасатты ой мен кемел шығармашылық ізденістің жемісі болып табылатын жаңартпалы жаңа стратегиялық бағдарламаны жүрекпен түйсініп қабылдамау мүмкін емес.

Ел өмірін 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жиыны жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту.

Бұлардың бәрі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері. Елбасының тұжырымы бойынша осылардың бәрін негізге ала отырып, Қазақстан өз дамуының 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын нақты айқындауы тиіс.


15.12.2012 XXI Ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігінің 21 жылдық мерей тойының қарсаңында, жаңа ғана есігін айқара ашқан Астананың Опера балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті халыққа жолдауын жариялады.

«Қадірлі отандастар!» деп бастады өзінің жолдауын. Тәуелсіз ел болып өмір сүре бастаған 21 жылда ғасырға татитын тарихи жолдан өттік. Осы мерзімде ұлан ғайыр табыстарға жеттік. Оған дәлел: ата заңымызды қабылдадық, дербес даму жолын таптық, жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа белеске шықтық. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған ұзақ мерзімді стратегия 2030 бізге даму жолымызды “маяк” тәрізді көрсетті. Халқымызда көз қорқақ – қол батыр деген ұлағатты сөз бар. Сол бағдарламада межелеген 7 бағытты толық орындадық. Ең бастысы ұлттық қауіпсіздігімізді қорғай отырып, мыңдаған шақырымдық еліміздің шекарасын анықтап дербес мемлекеттік қауіпсіздігімізді сақтап отырмыз. Саяси тұрақтылықты сақтау үшін Халықтар достығы ассамблеясын құрып еліміздегі тұрақтылық ұлтаралық татулықты дамыттық. Экономикамыз өркендеп, дүние жүзіндегі алдынғы қатардағы 144 елдердің ішінен 50-ші орынға ендік. Алтын-валюта қорымыз 87 миллярдқа жетіп халықтың табысы 16 есеге көтерілді. Денсаулық сақтауға, ғылым мен білімге 9 жарым есе қаржы бөліп 240 мектеп, 708 аурухана салдық. Халықаралық стандартпен білім беретін Назарбаев Университетін ашып, жастарымызға білім бере бастадық.


13.12.2012 ҚазҰУ оқытушылары видеоконференцияға қатысты

Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарды (инвалидттерді) Тәуелсіз Елдер Мемлекеттерінде (СНГ) үздіксіз оқыту мәселелерінің жетістіктері, проблемалары және болашағы» атты халқаралық видеоконференция өткізілді. Видеоконференцияға 7 мемлекет және 30-дан астам оқу орындары, ұйымдар қатысты. әл-Фараби атындағы Ұлттық университет атынан биология және биотехнология факультеті деканы Тамара Шалахметова, дене тәрбиесі және спорт кафедрасынан кафедара меңгерушісі, оқытушылар, магистранттар, студенттер қатысты.


13.12.2012 ҚазҰУ-да Ханъянг университетінің профессоры Ким Юнг Чжиннің лекциясы өтеді

14 желтоқсан 2012 г. сағат 15.00-де Шығыстану факультетінің конференц-залында (503 ауд.) АТА Институтының директорының орынбасары, Ханъянг университетінің профессоры Ким Юнг Чжин (Южная Корея) мырзаның «Economic Development in Korea: Performance and Lessons» тақырыбындағы лекциясы өтеді.


13.12.2012 ҚазҰУ студенті қазақ тілі білгірлері атанды

2012 жылдың 11 желтоқсан күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті және Қазақстанның Орыс Қауымының ұйымдастыруымен «Тіл– халық жанын танудың кілті» тақырыбында қазақ тілі білгірлерінің VI республикалық байқауы өтті. Байқауға мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген еліміздің әр облысынан келген орыс ұлты өкілдерінің жастары қатысып, білімдері мен өнерлерін көрсетті.


12.12.2012 Назар аударыңыз! ҚазҰУ ғалымдарының ізденістік зерттеулердi жүргізуге арналған гранттық қаржыландыруға байқау жарияланды

2012 жылдың 10 желтоқсаны мен 2013 жылдың 25 қантар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен мамандырының арасында ізденістік зерттеулердi жүргізуге арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізеді.


12.12.2012 Студенттік клуб дөңгелек үстел ұйымдастырды

2012 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң бүкiләлемдiк күнiне орай қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастауымен Коррупцияға қарсы студенттік клубы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық: мәселелері және шешімнің жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді.


11.12.2012 ҚазҰУ құрама командасы чемпион атанды

Кеше Н.Сац атындағы жасөспірімдер театрында Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен Алматы қалалық Супер лига чемпионатының финалдық бәсекесі өтті. ҚазҰУ құрама командасы осы сайыста өте жоғары көрсеткішпен чемпион атанды.


10.12.2012 Ректорат мәжілісі технопаркте өтті

Мәжілістің технопаркте алғаш өтуі жөнінде ректор Ғ. Мұтанов «ҚазҰУ-дың механика-математикалық факультетінде «Алгаритм» бизнес-инкубаторы ашылған болатын. Бұл технопаркте әлеуметтік-гуманитарлық блокқа ерекше көңіл бөліп отырмыз. Студенттердің қазіргі ойлары, мақсаттары мүлдем басқа, оларға біз әрқашан қолдауға дайынбыз. Әр факультетте осындай бизнес-инкубаторларды іске асыруымыз керек. Олар өз идеяларын коммерциализациялай алады. Барлығы да болашақ үшін жасалып отыр», - деді. Ал, келесі ректорат мәжілісі «әл-Фараби ғылыми кітапханасында» өтетіндігі хабарланды.


10.12.2012 Ян Садлак «ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры» атанды

ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісінде Академиялық саралау және басымдық бойынша халықаралық обсерватория IREG Президенті Ян Садлакқа «ҚазҰУ-дың құрметті докторы» атағы беріліп, салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.